Түркістан облысында анасы мен 16 жастағы қызын аяусыз өлтірген бұрынғы мұғалім сотталды

800

Түркістан облысы Амангелді ауылында анасы мен қызын асқан қатыгездікпен өлтірген бұрынғы мектеп мұғалімі өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Түркістан 24 арнасына сілтеме жасап.

Түркістан облысында анасы мен 16 жастағы қызын аяусыз өлтірген бұрынғы мұғалім сотталды Фото: Бейнежазбадан

 

"Аханов Абай Асхатұлына өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын өтеу мерзімі 12 қыркүйек 2024 жылдан бастап есептелсін", – делінген сот шешімінде.

Марқұмдардың туыстары қиын сәтте қол ұшын бергендерге алғыс айтты. 

"Бүгін соттың соңғы отырысы болды. Бұған дейін көптеген қиындықтар болды. Әділ шешім деп есептеймін. Қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бізге көмектескендердің барлығына алғыс айтамын", – дейді Айқдидар Тоғамбаева.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

"Сот алқабилердің қатысуымен өтті. Қазірге сот үкімі заңды күшіне енбеді. Сот тарапынан біздің талап арызымыз толығымен қанағаттандырылды. Қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 50 миллион теңге материалдық шығын өтелетін болады", – деп мәлімдеді зардап шегуші тараптың адвокаты.

Еске сала кетейік, марқұмдардың туыстары 29 жастағы жігіттің 10-сынып оқушысына қырындап, соның салдарынан жұмыстан қуылғанын айтады. Осыған кектенген күдікті түн ішінде өзін масқаралады деген әйел мен оқушы қыздың үйіне барған. Сөйтіп, 45 жастағы әйелдің басынан кірпішпен ұрып өлтіріп, оның 16 жастағы қызын зорлап, ұрып өлтірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу