Түркістан облысында анасы мен қызын айуандықпен өлтірген мұғалімнің ісін алқабилер қарайды

416

Күдіктіге үш бірдей қылмыстық бап бойынша айып тағылып отыр.

Түркістан облысында анасы мен қызын айуандықпен өлтірген мұғалімнің ісін алқабилер қарайды Фото: Бейнежазбадан

Түркістан облыстық соты іс ашық өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оtyrar.kz жазғандай, қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралады.

"Іс материалдарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары сотталушыға "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу" (ҚК 24-бабы 3-бөлігі), "Кәмелетке толмаған адамды зорлау" (ҚК 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы), "Екi немесе одан көп адамды өлтіру" (ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1, 3, 10, 14-тармақтары) қылмыстық әрекеттері бойынша айып тағып, сотқа жолдаған. Сотталушының өтініш хаты бойынша іс алқабилердің қатысуымен ашық сот отырысында қаралады", – деп хабарлады Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу