Түркістан облысында аяқкиім шығаратын цех ашылды

1086

Жобаның жалпы инвестициялық құны – 300 мың АҚШ доллары. Мұнда тәулігіне 6 түрлі 2 мың дана аяқкиім шығарылады.

Түркістан облысында аяқкиім шығаратын цех ашылды Фото: sputniknews.kz

Түркістан облысы Жетісай ауданында аяқкиім шығаратын цех ашылды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Жалпы инвестициялық құны – 300 мың АҚШ доллары. Мұнда тәулігіне 6 түрлі 2 мың дана аяқкиім шығарылады.

"Мен бұған дейін шамамен 10 жылдай аяқкиім сатумен айналысып келдім. Сол кезде жеке цех ашып алсам деген ой келді. Бүгінде соның сәті түсіп, жаңадан іс бастап отырмыз. Жылдың мезгіліне байланысты аяқкиімнің бірнеше түрі өндіріледі. Өнімге деген сұраныс жоғары", – деді "Ұлықбек" жеке кәсіпкерлігінің иесі Ұлықбек Әбдіраманов.

Цехта 20 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Қажетті шикізат Қытай, Өзбекстан елінен тасымалданады.

Дайын өнім еліміздің барлық өңіріне жөнелтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу