Түркістан облысында әжесін тонаған ер адам ұсталды

179

Күдікті жәбірленушінің немересі болып шықты.    

Түркістан облысында әжесін тонаған ер адам ұсталды Фото: polisia.kz

Сауран ауданында полиция қызметкерлері пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жәбірленушінің немересі үйде ешкім жоқ сәтті пайдаланып, түскі уақытта жатын бөлмедегі сейфті бұзған.

Сейфтің ішінен 3 миллион теңгеге жуық ақша мен алтын бұйымдарды жымқырған. Жалпы шығын 7 миллион теңгеге жуықтайды.

Күдікті ұрлаған бұйымдарды алтын сататын дүкендердің біріне өткізіп жіберген.

Тергеушілер қажетті заңды шаралардың барлығын атқарып, істі дәлелдеп, сотқа жолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу