Түркістан облысына қарасты Шаян-Екпінді трассасында екі көлік соқтығысып,3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ВАЗ және Hyundai автокөлігі бетпе-бет соқтығысқан. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан екі машинада барлығы он адам болған.
Қазір жеті адам Бәйдібек аудандық ауруханасына жеткізілген. Екі науқас хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер 19 жастағы жігіттің жағдайы аса ауыр екенін жеткізді. Жол апаты бойынша полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп, сараптама тағайындаған.
"Қазіргі уақытта осы факт бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Бұл оқиғаның барлық мән жайы анықталады. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жолаушыларды жол ережесін сақтауға және жолдарда мұқият болуға шақырады", - деді Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Асқаров otyrar.kz басылымына берген пікірінде.