Алдын ала ақпаратқа сәйкес, "Lihiang" көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, "ВАЗ-2114" автокөлігімен соқтығысқан.
Жол апатынан "ВАЗ-2114" көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жатқызылды.
Ханарық ауылының тұрғыны Самат Ахметжановтың мәліметінше, қаза болғандардың бірі 1999 жылы, екіншісі 2007 жылы туған. Ал ауруханаға 1999 жылы туған азамат жеткізілген.
"Lihiang" көлігінің жүргізушісі ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазір жол апатының барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаменті.
Тергеу нәтижесінде заңнамаға сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция жүргізушілерді жол ережесін сақтап, жылдамдықты жол жағдайына сай таңдауға және көлік басқару кезінде барынша сақ болуға шақырды.