8 тамызда Шардара су қоймасы аумағында қатты жылдамдықпен келген гидроцикл үрмелі қайықта отырғандардың үстінен секіріп өткен. Үш адам зардап шекті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Біреуінің бас миы шайқалған. Ал, бірінің мұрны сынған. Сондай-ақ денелері сырылған. Баршасына қажетті дәрігерлік көмек көрсетілді. Жарақаттарының жеңіл болуына байланысты екі адам ауруханаға жатудан бас тартты. Ал, біреуі екі күн ем алған соң, туыстарының өтінішімен жергілікті жердегі ауруханаға ауыстырылды", - деді Шардара аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Нұрғали Молдаханов.
Жүргізуші полицияға жеткізіліп, көлік уақытша ұстау изоляторына қойылды. Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеуді бастады.