Төлеби ауданындағы Көксәйек-Нысанбек тас жолының 7-шақырымында 14 адам қар құрсауында қалып қойған. Оның ішінде 4 бала бар. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жолаушыларды қауіпсіз жерге алып шығып, алғашқы көмек көрсетті. Сондай-ақ, қар ішінде қалып қойған 7 автокөлікті жол жиегіне алып шықты, деп жазады inbusiness.kz.
"Төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жолаушылар Көксәйек ауылындағы №16 Өрт сөндіру бекетіне жеткізілді. Қазіргі кезде "Оңтүстік жолдары" МКҚ-нің 3 қызметкері мен 2 техникасы жолдарды тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр", - делінген Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу