"Шығын көлемі – 8,5 млн": Түркістан облысында келін енесінің алтындарын ұрлап, құмар ойынына жұмсаған

89

Ұрланған алтын әшекейлерді келін ломбардтарға өткізген.  

"Шығын көлемі – 8,5 млн": Түркістан облысында келін енесінің алтындарын ұрлап, құмар ойынына жұмсаған Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полицейлер 8,5 миллион теңге көлеміндегі пәтер ұрлығын ашты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полицияға облыс тұрғыны үйінен алтын әшекейлер мен ақшаның жоғалғаны туралы арызбен жүгінген. Оқиға бойынша жедел-тергеу тобы құрылып, тексеру барысында күдікті ретінде жәбірленушінің келіні ұсталған.

Тергеу мәліметінше, келін мамыр айынан бері енесінің үйінен алтын бұйымдар мен қолма-қол ақшаны ұрлап отырған. Келтірілген жалпы материалдық шығын 8,5 миллион теңгені құрайды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу