Түркістан облысында 15 жасар жасөспірім кене шаққанан кейін тарайтын Конго-Қырым қанды безгегінінен қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" сілтемесімен.
Брифингте санитарлық дәрігерлер кене шағып алған жасөспірім медициналық көмекке жүгінбегенін айтады.
"Жыл басынан бері облыстың медициналық ұйымдарына кене шағу жағдайымен 985 адам жүгінді. Өкінішке орай, емделушінің медициналық көмекке уақтылы жүгінбеуіне байланысты бір жасөспірім бала жүргізілген емдеу шараларына қарамастан қайтыс болды", — деді Түркістан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов.
Қазір КҚҚБ болуы мүмкін 48 науқастың 9-ында диагноз расталғанын еске саламыз. (Сауран ауданында 2 жағдай, Ордабасы, Отырар, Төлеби, Келес, Мақтаарал, Жетісай аудандарында және Түркістан қаласында 1 жағдай тіркелді).