Түркістан облысында көмір тапшы

857

Түркістан облысында көмір тапшы, деп хабарлайды Atameken Business.   

Түркістан облысында көмір тапшы

Қысқа қамданған ағайын қазір қатты отынды іздеп сенделіп жүр. Қатты отын сататын орындарда қазір ұзын-сонар кептеліс. Апталап кезегін күткен халық аяз түспей қиындыққа тап болдық деп наразы.

Ал жылыжай кешенінің қожайындары болса жеткізіліп жатқан көмірдің сапасыз екенін айтып дабыл қағуда. Осылай жалғаса берсе "жылыту қондырғыларымыз істен шығады" деп шағымданады. Ал жауаптылар не дейді?

9 АЙМАҚҚА ҚОСЫМША 487 МЫҢ ТОННА КӨМІР ЖЕТКІЗІЛЕДІ

9 аймақтың әкімдігі халықты көмірмен қамтамасыз етуге қауқарсыз. Әсіресе Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы мен Нұр-Сұлтанда осы отын түрі өте қат. Ахуалды реттеу үшін ай соңына дейін өңірлерге қосымша 487 мың тонна көмір жеткізіледі. Ол үшін күн сайын Шұбаркөл көмірі тиелген 240 вагон аймақтарға жөнелтіліп отырады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аймақ әкімдіктері, көмір өндірушілер мен "Қазақстан темір жолы" өкілдерімен кеңес өткізді. "Қазақстан темір жолы" ашық вагондармен жабдықтауға дайын екенін айтты.

Айта кетейік, биыл қаңтар-қазан айларында 88 миллион тоннаға жуық көмір өндірілді.

Ресми дерек бойынша, көмірдің түпкі бағасы Қарағанды облысында тоннасына 7 093 теңге, Павлодар облысында 3 375 теңге, жалпы ел бойынша 5 600 теңге.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу