Шақпақ ауылының маңында 601 шақырым жердегі жол қиылысында автобус жүргізушісінің қалғып кетуі салдарынан, рөлге ие бола алмай, автобус жол шетіндегі ойпаң жерге түсіп кеткен.
Белгілі болғандай, автобустың Өзбекстаннан Қырғызстанға жол жүріп бара жатқаны және ішінде шетелдік азаматтар екені белгілі болды. Жол көлік оқиғасының нәтижесінде жарақат алған шамамен 12 адам жақын маңдағы ауруханаға қаралды. Адам шығыны жоқ.
Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігімен тіркеліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сараптамалар тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу