Түркістан облысында су тасқыны кезеңіне дайындық басталды

720

Түркістан облысында су тасқыны мен сел жүру тәуекелін бағалау мақсатында құтқарушылар Қазавиақұтқару тікұшағымен Сауран және Созақ аудандарындағы 21 су қоймасы мен таулы аумақты айналып өтті.    

Түркістан облысында су тасқыны кезеңіне дайындық басталды Фото: gov.kz

Экология, геология және табиғи ресурстар және көзбен шолып қарау министрлігі Су ресурстары комитетінің Сырдария бассейндік инспекциясының деректеріне сәйкес, Сауран ауданының 8 су қоймасының және Созақ ауданының аумағындағы 13 су қоймасының жай-күйі жарамды деп бағаланды. Қаратау бөктерінде қардың жинақталған қоры 4-6 см құрайды.

Жыл басынан бері барлығы 13 аэровизуалды ұшу жүргізілген. Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті су тасқыны қаупі бар кезеңде су қоймаларының гидротехникалық құрылыстарының жай-күйін және олардың жұмыс режимін тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу