Түркістан облысында суға батқан 11-ші адамның денесі табылды

1869

Жасөспірім қыздың денесі сағат 14: 56-да судан шығарылды.

Түркістан облысында суға батқан 11-ші адамның денесі табылды Фото: ҚР ТЖМ

Бүгін, 23 тамызда сағат 14: 56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батқан қыздың денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, барлығы 11 адам суға батып кетті, оның ішінде 8 кәмелет жасқа толмағандар. 

ТЖМ өз қауіпсіздігіңіз бен балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға болмайды.

Еске салайық, бұған дейін құтқарушылар суға батқан 10-шы адамның денесін тапқанын жазған болатынбыз.

Айта кетейік, 21 тамызда сағат 18:00 шамасында тұрғындардан адамдардың суға батып кеткені туралы қоңырау келіп түскенін хабарлады. Өзен жағасындағы 20 адамның 11-і суға батып кетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу