Түркістан облысында сүт өнімдерін өндіруге арналған жаңа жобалар қолға алынды

1434

Құрылғанына 5 жыл толған Түркістан облысы түрлене түсті.

Түркістан облысында сүт өнімдерін өндіруге арналған жаңа жобалар қолға алынды Фото: inbusiness.kz

Түркістан облысында сүт өнімдерін өндіруге арналған жаңа жобалар қолға алынып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Таяуда аймақ басшысы Дархан Сатыбалды жыл басынан бері өңірлік өнім көлемі 3 трлн теңгеден асқанын айтқан болатын. Оның дерегінше, өнеркәсіптік өнім көлемі 758 млрд теңгені құрады. Сүт, тоқыма және электр жабдықтары өндірісі есебінен секторда оң өсім қалыптасты.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде 2023 жылға сүт өнімдерін өндіретін жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге үш жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Атап айтсақ, "SAMID MASTER"  ЖШС сүт және сүт өнімдерін өңдеу зауыты жобасының құны 650 млн теңгені құрайды. 20 адам жұмыспен қамтылып, жылына 2700 тонна сүт өнімдері шығарылады деп жоспарланған. 

"Есжанов Отырар" ЖК сүт және шұжық өндіру жобасының жоба құны – 250 млн теңге. Бұл жоба да 20 жаңа жұмыс орнын ашуға, жылына 2000 тонна сүт өнімдерін өңдеуге мүмкіндік береді. Ал "Туран Агро Ет Сүт" өндірістік кооперативі сүт және сүт өнімдерін өңдеу зауытының жоба құны 450 млн теңгеге бағаланып отыр.  20 жұмыс орны ашылып, жылына 5400 тонна сүт өнімдері шығарылады деп күтіліп отыр. 

Жалпы аймақта сүт шаруашылығымен айналысатын 2 заманауи тауарлы сүт фермасы, елу бастан басталатын 32 сүт фермасы бар. Тағы жиырмадан астам ауыл шаруашылығының өндірістік кооперативі жұмыс істейді. 

Айта кету керек, осыған дейін Түркістан облысы ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі бойынша көш бастағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу