Түркістан облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды

786

Тағы 7 адам түрлі деңгейдегі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Түркістан облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды

Бүгін түскі сағат 13:15 шамасында Шымкент–Жібек жолы автожолында шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысып, салдарынан 5 адам көз жұмды. Бұл жөнінде Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова Facebook-тегі парақшасында жазды.

Оның хабарлауынша, шағын автобус алда келе жатқан жүк көлігіне соқтығысқан. Өкінішке қарай, салдарынан 5 адам көз жұмып, жүргізуші мен 6 жолаушы түрлі деңгейдегі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. 

Түркістан облысының  полицейлері ҚР ҚК 375- бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу