Түркістан облысында жол апатынан 3 өзбекстандық азамат мерт болды

865

Тағы біреуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Түркістан облысында жол апатынан 3 өзбекстандық азамат мерт болды

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жолда кетіп бара жатқан Нексия автокөлігінің жүргізушісі ұйықтап кеткен. Салдарынан Өзбекстанның төрт азаматы  мінген көлік жол жиегіне аударылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі әйел оқиға орнында көз жұмса, тағы бір жолаушы Ордабасы аудандық ауруханасында қайтыс болды. Ал, көлік жүргізушісі аталған ауруханада ем қабылдауда.

"Апатқа ұшыраған көлік Өзбекстанға тиесілі. Қазіргі таңда осы жол көлік оқиғасына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша тергеу амалдары жүргізілуде", – деді полициядан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу