Түркістан облысында жол апатынан 4 адам мерт болды

1217

3 жолаушы оқиға орнында қаза тауып, 1 адам ауруханада көз жұмды. 

Түркістан облысында жол апатынан 4 адам мерт болды

Түркістан облысында "Жетісай-Жібек жолы" бойында жол апаты орын алып, 4 адам қаза болды,

"Шымкент бағытына қарай бет алған "Ауди-100" маркалы көлігі қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, "Киа" маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Жол апатының салдарынан 3 жолаушы оқиға орнында қаза тауып, 1 адам ауруханада көз жұмды. "Киа" маркалы автокөлігіндегі 3 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді",– делінген хабарламада.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Күдікті азамат қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу