Түркістан облысында жол апатынан 7 адам көз жұмды

381

Шаян-Екпінді жолында екі көлік өзара соқтығысқан.    

Түркістан облысында жол апатынан 7 адам көз жұмды Фото: zakon.kz

Бәйдібек ауданындағы жантүршігерлік жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға түнгі уақытта болған. Toyota Camry және Volkswagen Passat автокөліктері соқтығысып, салдарынан 7 адам оқиға орнында көз жұмды.

– Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауды, жол және ауа райы жағдайларын ескеріп, жылдамдықты асырмауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу