Жол-көлік оқиғасы 13 сәуір күні Сарыағаш-Шымкент тас жолында болған. 30-ға жуық жолаушысы бар Yutong автобусына Audi 100 жеңіл автокөлігі соқтығысқан.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ автобустың тағы төрт жолаушысы түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы мен қайтыс болғандардың жеке басы анықталуда", – деп жазылған ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу