Түркістан облысында жеңіл көлік жүк көлігіне соғылып, жүргізушісі мерт болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"28 қазанда Түлкібас ауданы полициясының кезекші бөліміне Батыс Қытай - Батыс Еуропа тас жолының 651 шақырымында жол апаты орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орын алған жерге полиция қызметкерлері шұғыл жетті.
Шымкент қаласының тұрғыны Renault жүк көлігімен Алматыдан Шымкентке өзімен бір бағытта жүріп келе жатқан Mazda 626 көлігінің артқы бөлігінен соғып, жол-көлік оқиғасын жасаған", – делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан Mazda 626 көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 345-бабы (Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.