Түркістан облысында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысты

732

Көлік апаты 12 тамызда  Алматы-Ташкент-Термез тасжолында болған. Өзбекстан азаматы оқиға орнында көз жұмды.Сондай-ақ, ЖКО-нан 10 адам зардап шеккен.

Түркістан облысында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысты

Шымкенттен Сарыағашқа бет алған жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты. Көліп апаты салдарынан 1 адам көз жұмып, тағы 10 адам зардап шекті. Бұл туралы  ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

"Көлік апаты 12 тамызда шамамен 17 сағат  30 минутта Алматы-Ташкент-Термез тасжолында болған.  Өзбекстан азаматы оқиға орнында көз жұмды.Сондай-ақ, ЖКО-нан 10 адам зардап шеккен, олар автобустың жүргізушісі мен жолаушылары, үшеуі Қазақстан азаматы ал жетеуі Өзбекстан азаматтары. Олар Түркістан облысындағы Қазығұрт және Сарыағаш аудандық ауруханаларына жеткізілді", - делінген хабарламада.

Аталған жайт бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу