Жолаушылардың бірі оқиға орнында жан тапсырған, қалған 5 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Түркістан полиция басқармасының хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 13 қазан күні сағат 8:00 шамасында Самара-Шымкент тас жолында болған.
"Сараптама тағайындалды. Қарсы жолаққа шыққан жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда", – делінген хабарламада.
Бұл оқиға ҚР ҚК "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бабы бойынша тіркелді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу