Түркістан облысындағы жанжалдан кейін 4 азамат ұсталды – ІІМ

1088

Ресми орган оқиғаны "тұрмыстық жанжал" деп бағалап отыр. 

Түркістан облысындағы жанжалдан кейін 4 азамат ұсталды – ІІМ

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Түркістан облсында болған жанжалға қатысты ресми ақпар берді.

"Елімізде екі оқиға орын алды. Ең алдымен Түркістан облысының Шорнағы ауылында жастар арасында тұрмыстық жанжал болды. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, нәтижесінде бір учаскелік инспектор мен үш тұрғын жарақат алды. Оқиға орнына дереу жеткен полициялық учаске инспекторы жарақат алғанына қарамастан, заңбұзушылықтың жолын кесті. Жедел іздестіру шаралары барысында жанжалға қатысқан 4 азамат ұсталды. Қазіргі кезде жанжалдың неден шыққаны, барлық мән-жай тексеріліп жатыр. Бұзақылық фактісі бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бірақ арандатушылар әлеуметтік желі арқылы тәртіпсіздік жасауға шақырып, жалған ақпарат таратқан. Полиция қызметкерлері бұл заңсыз әрекеттердің жолын кесті. Бұл үшін заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеміз. Ауылдағы  тәртіпті қамтамсыз ету үшін полиция қызметкерлері өз жұмысын күшетті. Қазір жағдай тұрақты", – деді ол.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу