Түркістан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 6 маусымдағы №23 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2020 жылғы 16 маусымдағы № 24 қаулысына сәйкес Түркістан облысының Халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмыс кестесін уақытша өзгертті, деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" филиалының баспасөз қызметі.
Облыстағы барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды күнделікті сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды.
Ал облыс орталығы Түркістан қаласындағы Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде қызмет алу үшін кезекті сағат 16.30-ға дейін броньдау қажет. Одан кейінгі бронь жарамсыз деп саналады.
Естеріңізге сала кетейік, орталықтарға барған кезде сақтық шараларын сақтау – медициналық маскалар, қолғаптар кию, сондай-ақ бір-бірінің арасындағы қашықтықты сақтау қажет.