Түркістан өңірінде іскер әйелдерге несие беру басталды

1408

Түркістан өңірінде іскер әйелдерге несие беру басталды

Халық банкінің жаңа несиелік өнімі күнгейлік әйел  кәсіпкерлердің қызығушылығын  туғызды, деп хабарлайды atameken.kz.

Халық банктің әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыруға байланысты жаңалығы Түркістан облысының кәсіпкер әйелдері тарапынан қызығушылық туғызды, жаңа бағдарламамен танысуға келушілер қатары көп.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Данияр Дәрмен атап өткендей, Халық банктің әйел кәсіпкерлігін несиелендіру бағдарламасы "Атамекен" ҰКП қолдауымен жасалды. Тиісті меморандум жақында өткен бесінші съезі аясында іскер әйелдер конгресінде жасалды. Құжатқа сәйкес, Халық банкі әйелдердің бизнес жобасын дамыту және қолдау үшін 1 млрд теңге бөлген.

"Қазақстан Халық банкінің" АҚ ШОБ директорының орынбасары Сәуле Кәрібаеваның айтуынша, бизнесті дамыту үшін әйелдер несие ретінде 10 миллион теңгеге дейін ала алады. Сонымен қатар, тартымды шарттарда - өте төмен  жылдық 5% мөлшерде.

Бұл бүгінгі күні несиелендіру бойынша нарықта ең төменгі мөлшерлеме. Несиенің максималды сомасы бір жобаға10 миллион екенін ескерсек, несиеге көбінің қол жеткізбесі анық.

"Ең бастысы, бұл жобалар біздің өңіріміз үшін маңызды болуы керек. Барлығына қаражат жетпейтінін ескере отырып, жобалардың ең үздігі таңдап алынады ", – деді Сәуле Кәрібаева.

Несиелендірілетін жобалардың қызмет бағыттары бойынша шектеулер жоқ. Банк әйелдер мен олардың стартабын, инвестициясын, айналым капиталын қолдауға дайын. Несиені 2018 жылдың аяғына дейін алып үлгеру қажет, себебі бұл бағдарлама жылдың соңына дейін есептелген. Несиенің максималды мерзімі – 7 жыл.

Банк қызметкерлеріне ескертеді: жобалар, ең алдымен, қарыз алушылардың өздеріне ауыртпалықсыз болатындай мұқият қаралады. Сондай-ақ, несие алуға өтініш берген әйелдің  бизнестің акционері немесе иегері және ең бастысы, оның белсенді қатысушысы екенін тексереді. Несие беруде әйелдер басшылық ететін ЖШС мен ЖК тең дәрежеде септеледі.

"Негізгі шарттардың бірі – қолма-қол ақшасыз әдіспен ақша қаражатын жүз пайыз игеру, яғни, банктік аударымдар арқылы шоттан шотқа. Әрине, кепіл қажет. Кепіл ретінде банк жылжымайтын мүлікті, жылжымалы мүлікті және ақшалай қаражаттарды, мысалы, депозитті қабылдайды. Бірақ мүліктің құны қарыз сомасын қамтымаған жағдайда, "ДАМУ" қоры несие сомасының 50 пайызына дейін кепілдікті қамтамасыз ете алады. Бұл өзінің кепілдік мүлкі жеткіліксіз әйелдерге де несие алуға мүмкіндік береді.

"Өз жобасына қаражат жетпей қалады деп ойлайтындарға ренжімеулерін сұраймыз. Өтініштеріңізді жіберіңіз – әр жоба өмір сүруге және несиелендірілуге құқылы. Егер олар осы бағдарламаға сәйкес келмесе, онда біз басқа бағдарлама арқылы немесе банктің өз қаражатынан несие бөлу мүмкіндігін қарастырамыз", – деп қорытындылады Сәуле Кәрібаева.

Халық банкінің бағдарламасы бойынша несие алу үшін кәсіпкер әйелдер өңірлік кәсіпкерлер палатасына өтініш беруі қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу