Түркістанда "Этноауыл" бой көтерді

1915

Түркістан облысында ұлыстың ұлы күнін тойлауға дайындық қызу жүруде. 

Түркістанда "Этноауыл" бой көтерді

Өңір орталығында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанынан "Этноауыл" алаңы бой көтерді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Бірегей жоба Наурыз тойына келген қонақтар мен шетелдік саяхатшылар үшін тарихы терең қазақ мәдениетімен толығырақ танысуға жақсы мүмкіндік береді. Көне ғасыр мекенінде саз балшықтан үйлер тұрғызылып, ағаштан құрастырылған қоршаулар мен көпір, өткелдер орнатылған.

Мәртебелі меймандар мен сырттан келген шетелдіктер мұнда көне ғасыр кейпіндегі үйлерді аралап, сол дәуірдің асханаларынан дәм татып, шеберлер көшесі мен ертегілер мекені, сарбаздар ауылы және шығыс базарының үлгісін өз көздерімен тамашалай алады.

Наурыз мерекесі күндері бабалар дәуіріне саяхат жасататын көшпелі ауылда киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ойнатылады. Құрылыс барысы тарихи нысанның сақталу талаптары ескеріле отырып жүргізіліп жатыр. Өткен мыңжылдықтан сыр шертетін "Қазақ ауылы" 14 наурызда ашылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу