Түркістанда көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші қайта ұсталды

247

Оқиға Жаңа қала шағынауданында болған.  

Түркістанда көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші қайта ұсталды Фото: azattyq-ruhy.kz

Түркістан қаласында патрульдік полиция қызметкерлері түнгі рейд кезінде жол қозғалысы ережесін күмәнді түрде бұзған "ВАЗ-2106" автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжаттарды тексеру барысында тәртіп сақшылары жүргізушінің мас күйде болуы мүмкін екенін байқап, оны медициналық куәландыруға жіберді. Сараптама нәтижесінде 30 жастағы азаматтың алкогольдік ішімдік ішкен күйде көлік басқарғаны расталды.

Полицияның мәліметінше, аталған жүргізуші 2021 жылы да дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін сот шешімімен 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған.

Соған қарамастан, жаза мерзімі аяқталмай тұрып қайтадан заң талаптарын өрескел бұзған азаматқа қатысты қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу