Бір адам жан сақтау бөліміне түсті
Жан сақтау бөлімінде жатқан науқастың жағдайы ауыр деп бағаланды.
Түркістанда жол апаты салдарынан автобус жер үйдің ішіне кіріп кетіп, 16 адамның жарақат алуына себеп болған, деп жазады Inbusiness.kz.
Қазір жеңіл көлік жүргізушісі Түркістан қалалық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Ал, 6 адам сынық-сырқат бөліміне жатқызылған. 9 адам дәрігерлерге қаралған соң үйлеріне қайтарылды.
"Қазір жан сақтау бөлімінде жатқан науқастың жағдайы ауыр. Қалғандары сынық сырқат бөлімінде ем қабылдап жатыр" - деді Түркістан қалалық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сапарәлі Әбдиев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу