Түркістандағы жантүршігерлік өрт: 7 жастағы қыз қайтыс болды

  18 қараша күні Алғабас ауылында үй өртеніп, 12 адам қаза тапқан еді. 

Түркістандағы жантүршігерлік өрт: 7 жастағы қыз қайтыс болды Фото: Pixabay.com

Артынша өрттен тірі қалған 3 адамның жансақтау бөлімінде жатқаны айтылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бүгін өкінішке қарай, ауруханада ауыр жарақат алған 7 жастағы қыздың да қайтыс болғаны хабарланды. 

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Алғабас ауылындағы өрттен бұған дейін 12 адамның, оның арасындағы 9 баланың көз жұмғаны ел тұрғындарының қабырғасын қайыстырды. Бүгін қаза тапқан балалардың саны 10-ға жетіп отыр. 

Бүлдіршін Жетісайдан тікұшақ арқылы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген еді. Десе де, дәрігерлердің барлық жанкешті іс-әрекетіне қарамастан, 7 жастағы қыздың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Марқұмның денесі туған ауылына жеткізіліп, жер қойнына тапсырылған. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та уақытында Түркістан облысында өрт салдарынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтқан еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу