Тілсіз жаудан аман қалған екі адам Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығынан шығарылып, Жетісайға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өкінішке қарай, бірнеше күн бұрын ғана жантүршігерлік өрттен аман қалып, жансақтау бөлімінде жатқан 7 жастағы қыздың қайтыс болғанын жаздық.
Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы қазіргі уақытта ерлі-зайыпты Жетісай аудандық орталық ауруханасында емін жалғастырып жатқанын хабарлады.
– 1 желтоқсан күні түскен екі науқастың жағдайы қазір тұрақты. Екі пациент те күйік жарақатынан кейінгі кезеңде қажетті ем қабылдап жатыр. Аппаратсыз өздері демала алады, өмірлік маңызды көрсеткіштері тұрақты. Емдеу шаралары бекітілген хаттамаға сәйкес жалғасуда. Науқастардың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында, – деп ақпарат таратты ведомство.
Айта кетейік, Жетісайдағы жантүршігерлік өрт барлығы 13 адамның өмірін жалмады. Оның 10-ы – бала.