Түркістандық 10 жастағы "полицейге" сыйлық тарту етілді

Бұған дейін полиция киімін киіп, көшедегі көліктерді тоқтатқан кішкентай баланың жазаланбағанын жазған едік.

Түркістандық 10 жастағы "полицейге" сыйлық тарту етілді Фото: polisia.kz

Болашағын полицей болғысы келетін Самұрық Сұлтанханмен Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров арнайы кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында ПД бастығы Самұрыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітабын сыйға берген.

Polisia.kz-тің жазуынша, кішкентай бала 3 жасынан бастап полиция формасын киіп, адамдарға көмектесіп, заң мен тәртіптің сақшысы болуды армандап жүр.

Арыстанғани Заппаров Самұрық Сұлтанхан білім алатын мектепте "Жас сақшы" полиция сыныбын ашуды тапсырған. Сондай-ақ, жас өренді алдағы уақытта департамент ұйымдастыратын түрлі іс-шараға қатыстырып, полиция қызметімен жақынырақ таныстыруды ұсынған.

Кішкентай "полицей" облыс аумағындағы бейнебақылау камераларының жұмысын бақылап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қаншалықты жауапты міндет екенін өз көзімен көрген. Мұнан кейін полицейлермен бірге профилактикалық рейдке шықты.

Жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерге ескерту жасаған және тәртіп сақшыларының күнделікті жұмысына куә болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу