Түркістандық шаруалар 5,7 млрд теңге қарыз алды

1125

"Кең дала" бағдарламасы бойынша 2 617 өтінім мақұлданып, қаржыландырылды. 

Түркістандық шаруалар 5,7 млрд теңге қарыз алды

"Кең дала" бағдарламасы бойынша көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға республикалық бюджеттен қарастырылған 70 млрд теңгенің 63 млрд теңгесі қаржы институттарын қорландыру арқылы бөлінді. Бұл туралы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы Айболат Әбенов баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Түпкілікті қарыз алушылар үшін "Кең дала" бағдарламасы бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 1,5%-дан 5%-ға дейінгі аралықты құрады. Несиелеу мерзімі 2021 жылғы 1 желтоқсан болып бекітілді. Бағдарлама бойынша 2 617 өтінім мақұлданып, қаржыландырылды. Бұл қаражатқа аграршылар 3,3 млн гектар алқапта егіс жұмыстарын жүргізетін болды", – деді Айболат Әбенов.

Басқарма төрағасының айтуынша, өңірлер бойынша өтінімдердің басым бөлігі Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Түркістан облыстарынан келіп түсті. 

"Егіс науқанын қаржыландыру бойынша келіп түскен өтінім саны өткен жылмен салыстырғанда 7 есе көп болды. Тек Түркістан облысының шағын шаруа және фермерлік шаруашылықтары 5,7 млрд теңге көлемінде  жеңілдетілген шартпен қарыз алды", – деді Айболат Әбенов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу