Түркістандықтар мал шаруашылығын аустралиялық тәсілмен дамытуды көздеп отыр

Түркістан облысы – ет экспортында еліміз бойынша көшбасшы өңір. 

Түркістандықтар мал шаруашылығын аустралиялық тәсілмен дамытуды көздеп отыр Фото: Жасанды интеллект

Бұл туралы аймақ басшысы Дархан Сатыбалды мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндаған облыс әкімі ерекше жаңалыққа тоқталды. Оның айтуынша, өңірде ет өнімдерін өңдеу бағытында 5 ірі жоба іске асуға жақын.

– Түркістан облысы ет экспорты бойынша елімізде көшбасшы саналады. Экспорттағы ірі қара мал етінің 80%-ы, яғни, 6,9 мың тоннасы, қой етінің 75%-ы өңірімізге тиесілі. 4,7 мың тонна қой еті экспортталды. Аустралия елінің тәжірибесін қолданып, ет кластерін дамытуды жоспарлап отырмыз. Заманауи мал биржасы, бордақылау кешені, ет өнімдерін терең және қайта өңдеу бағытында 5 жобаны іске асыру көзделуде. Бұл бағытта 55 млрд теңге көлемінде инвестиция салынып, 600 жұмыс орны құрылды. 35 мың тонна өнім шығарылады, – деді ол.

Сонымен қатар, аймақта сүт өндірісін ұлғайту, өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын арттыру бойынша 2 ірі тауарлы сүт фермасы жобасы жүзеге асырылған. Жобалардың құны – 7,8 млрд теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу