Түркия, Әзербайжан және Түрікменстан Сыртқы істер министрлері 23 ақпанда Анкара қаласында бас қоспақ, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Әзербайжанның СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"23 ақпанда өтетін Әзербайжан, Түркия және Түрікменстан СІМ басшыларының кездесуіне қатысу үшін Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов Анкараға барады", – деп жазылған ведомствоның ресми сайтында.
Кездесу барысында қандай мәселелер талқыланатыны туралы әзірге жарияланбады.
Табиғат Нұрболат
Фото: aa.com
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу