Түркия Қарабаққа өз бітімгерлерін енгізетіні туралы тағы да жариялады

563

10 қарашада Ресей, Әзербайжан, Армения осы аймақ туралы мәмілеге келген еді. 

Түркия Қарабаққа өз бітімгерлерін енгізетіні туралы тағы да жариялады

Түркияның Қорғаныс министрі Хулуси Акар Мәскеумен бірлесе Анкараның да Таулы Қарабақтағы бітімгерлік миссиясына қатысатынын жариялады. Оның айтуынша, Түркия аймақтағы жағдайды бақылау ісіне араласпақ. 

Бұған дейін Ресей мен осы елдің Сыртқы қорғаныс министрлері Қарабақтағы қақтығысты тоқтату жағын бақылайтын орталық ашу туралы меморандумға қол қойған еді. Бұл орталық Әзербайжан территориясында құрылатын болды. Мұндағы мақсат – атысты тоқтату режимін сақтау туралы ақпаратты жинау және тексеру. Сонымен қатар ол жерде келісімді бұзғандарға қатысты арыздар мен басқа да мәселелер қарастырылады. 

Еске сала кетсек, Ресей президенті Владимир Путин, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақтағы әскери іс-қимылдарды 10 қарашадан бастап тоқтату туралы келісімге келген еді. Құжатқа сәйкес Әзербайжан мен Армения әскерилері өз позицияларында қалады, ал Таулы Қарабақтағы шектесу сызығы мен Лачинский дәлізінің бойына ресейлік бітімгер әскерилері орналастырылады. Сонымен қатар тараптар өзара әскери тұтқындармен алмасады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу