Анкара соты Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловтың өлімін тексеру барысына қатысы бар материалдарды БАҚ-та жариялауға уақытша тыйым салды, деп хабарлады дереккөзге сілтеме жасаған "Анадолы" агенттігі.
Анкараның жетінші соты астаналық прокуратураның сұрауына байланысты осындай шешім қабылдаған. Тыйым тергеу аяқталғанша күшінде болады.
Соттың шешіміне сәйкес, кісі өлімі орын алған уақытта және одан кейін сол жерде түсірілген суреттер мен бейнематериалдарды, қанішермен байланысы бар деп күдіктелгендер туралы мәлімет жариялауға рұқсат жоқ.
Айта кетейік, Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карлов Анкарада 19 желтоқсанда Ресейге арналған сурет көрмесінің ашылуында сөз сөйлеп тұрған кезде оққа ұшты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу