Түркияда Қазақстан азаматын басынан атып кетті

372

Қазіргі уақытта Түркияның құзырлы органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Түркияда Қазақстан азаматын басынан атып кетті Фото: smi24.kz

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 31 наурызда Ыстанбұл қаласының Фатих ауданында Қазақстан азаматы қаза тапқаны туралы хабардар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 31 наурызда Ыстанбұл қаласының Фатих ауданында Қазақстан азаматына қатысты оқиғадан хабардар. Қазіргі уақытта Түркия Республикасының құзыретті органдары қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ведомство Ыстанбұлдағы Қазақстанның Бас консулдығы марқұмның туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп жатқанын және мәселе толық бақылауда екенін айтты.

Алдын ала мәлімет бойынша, Түркиядағы жеке логистикалық компанияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматы Ариф Исмаиловқа белгісіз адам шабуыл жасаған. Оқиға Ыстанбұлдың Фатих ауданында болған.

Куәгерлердің айтуынша, күдікті ер адам жәбірленушіге жақындап, оған оқ атқан. Соның салдарынан Ариф Исмаилов басынан жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты. Шабуыл жасаған адам оқиға орнынан қашып кеткен.

Кейін құқық қорғау органдары бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Грузияның екі азаматын ұстады. Олар елден шықпақ болған кезде қолға түскен.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

 
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу