Түркияда коронавирус дертін жұқтырғандар саны артып келеді

1047

1 шілдеден бастап елде коменданттық сағат тоқтатылған еді.

Түркияда коронавирус дертін жұқтырғандар саны артып келеді

Түркияда бір тәулікте тіркелетін науқастардың саны соңғы екі аптада екі есе өсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәлімдемесі бойынша, 22

шілдеде коронавирус жұқтырудың 9586 фактісі анықталды, 52 адам қайтыс болды. Министрлік сонымен қатар бір күнде 214 196 тест жасалғанын жариялады.

Еске сала кетсек, жағдайдың тұрақталуына байланысты 1 шілдеден бастап елде коменданттық сағат тоқтатылған еді.

Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жаңа штамдар індеттің өршуіне әсер етпегенін мәлім етті. Түркия вирус жұқтыру фактілерін, науқастардың санын, дерттен қаза табу фактілерін азайтып, вакцинация процесін сәтті ұйымдастырып жатыр деген пікірде Ердоған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу