Түркияда тұратын қазақстандықтар зілзаладан зардап шеккендерге 34 млн теңге жинады

1086

Бұл көмекті ұйымдастыруды белгілі айтыскер-ақын Айнұр Тұрсынбаева ұсынған. 

Түркияда тұратын қазақстандықтар зілзаладан зардап шеккендерге 34 млн теңге жинады Фото: google

Ұйымдастырушыларға Стамбулдағы ҚР Бас консулдығының қызметкерлері де көмектескен, деп жазады inbusiness.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Біз кеше ақша жинауды бастадық. Түнге дейін 25 млн теңге жиналды. Бірден супермаркетке барып, осы қаражатқа азық-түлік пен қажетті заттарды сатып алдық. Бәрін жүк көлігіне тиеп, Кахраманмараш қаласына жібердік. Қаражат жинау дереу жабылды. Алайда, бей-жай қарамайтын азаматтар қаражат жіберуін тоқтатпады. Осылайша, тағы 9 млн теңге жиналды. Оған балалар тамағын сатып алуды жоспарлап отырмыз, - деді "Шаңырақ" мейрамханасының иесі Данияр Иманбеков.

Еске сала кетсек, қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Түркиядағы жойқын жер сілкінісі болған жерге аттанды. Екінші эшелон құрамында жеке құрамнан 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, қызметтік иттер бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу