Түркияда жол апатына ұшыраған қазақстандықтар жайлы соңғы мәліметтер белгілі болды

611

Қазақстандық отбасы Түркияға турист ретінде қыдырып барған және бүгін елге оралуы керек еді.

Түркияда жол апатына ұшыраған қазақстандықтар жайлы соңғы мәліметтер белгілі болды Фото: inbusiness.kz

Түркияға саяхаттап барған қазақстандық отбасы жол апатына ұшырап, запдап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"3 қыркүйекте Аланияда жол-көлік оқиғасы болып, қазақстандық отбасы зардап шекті. Жол апатынан оқиға орнында 1989 жылы туған әйел мен оның 2 жасар қызы қайтыс болды. Отағасы (1986 жылы туған) ауыр жағдайда реанимацияда жатыр. 2014 жылы туған ұлы да ауруханада, оның денсаулығына аса қауіп төнбеген", делінген СІМ хабарламасында.

Ақпаратта айтылғандай, қазақстандық дипломаттар апатқа ұшыраған отбасының туыстарымен байланыста отыр.

"Аталған отбасыға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі. Бұл отбасы Түркияда туристер ретінде болды және бүгін елге оралуы керек еді", дейді ведомстводан.

Еске салайық, бұған дейін Антальяда қазақстандық журналист қызымен бірге жол апатынан қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу