Түркияда жол апатынан зардап шеккен 7 қазақстандықтың үшеуі елге оралды

757

Түркияда жол апатынан зардап шеккен 7 қазақстандықтың үшеуі елге оралды

Түркиядағы жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың үшеуі елге оралды, деп хабарайды КазТаг.  
"Жеті баланың үшеуі елге өздері оралды. Қалған төртеуі - Нұрсұлтан, Алмагүл, Асыл және Айдын әзірге Түркияда. Біз олардың туыстарымен хабарластық, қандай көмек керегін білдік. Оған олар әзірге бірдеме деп айтуға ерте екенін айтып отыр. Тек келгеннен кейін ғана белгілі болады. Өз кезегінде қала әкімдігі кез келген көмек қолын созуға және медицина саласында көмектесуге дайын екенін айтты", - деді Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Данияр Сейсенбаев.
Хабарда атап өтілгендей, Нұрсұлтан мен Алмагүл – жас жұбайлар, 9 қыркүйекте үйленген, бұл олардың той саяхаты болатын.  
БАҚ хабарлағандай, 21 қыркүйекте жеті қазақстандық Түркияда Кемерден Анталияға бара жатқан жолда жол апатына түскен. Олар түрлі деңгейдегі жарақат алып, ауруханаға түскен. Олар отандарына қайта алмайды, себебі ұшып келетін қаржылары жоқ.   
Қазақстан СІМ ақпарынша, Анталиядағы ҚР елшісі зардап шегушілермен үнемі байланыста, қазір оларың жағдайы бір қалыпты. Зардап шеккеннің үшеуі өз беттерінше қозғала алмайды. Қазіргі таңда СІМ қазақстандықтарды елемізге тасымалдау мәселесін қарастыруда.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу