Бұл туралы Inbusiness.kz Hurriyet газетіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Денизли қаласында (аттас провинцияның әкімшілік орталығы) жеті адам қаза тауып, 42 адам жарақат алған (автомобиль) бірінші жол апатынан 16 сағат өткен соң, тағы бір төтенше жағдай болды. Жеңіл автомобиль алдымен автобусқа соғылды, кейін келе жатқан жолаққа шығып, микроавтобуспен соқтығысты", — деп жазады басылым.
Соңғы апат салдарынан бір отбасынан төрт адам қаза тауып, 53 адам жарақат алғаны атап өтілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу