Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен кейін 95 елден келген көмек ұсынысын қабылдады. Бұл туралы бейсенбі күні Анкарада өткен баспасөз мәслихатында Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Біз 95 елдің көмек ұсынысын қабылдадық. Іздеу-құтқару жұмыстарына 56 елден 6 479 құтқарушы атсалысып жатыр. Тағы 19 ел 24 сағат ішінде мамандарын жібереді", - деді Чавушоглу.
Айта кетейік, соңғы мәліметке сәйкес, Түркияда жойқын зілзаладан қаза болғандар саны 14 мыңнан асты, тағы 63 мың 794 адам жараланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу