Түркиядағы ұшақ апаты: зардап шеккен қос қазақстандық ауруханадан шықты

1094

Екеуі де жеңіл жарақат алған.  

Түркиядағы ұшақ апаты: зардап шеккен қос қазақстандық ауруханадан шықты

Ыстамбұлдағы ұшақ апаты кезінде зардап шеккен Қазақстанның екі азаматының жағдайы жақсы. Қазақстандық консулға түрік тарапының хабарлауынша екеуінің де жарақаты жеңіл болған.

"Қазақстан азаматтарының бірі жеңіл жарақат салдарынан ауруханаға жатудан бас тартып, дәрігерлер тексергеннен кейін ауруханадан жіберілді. Екінші азаматымыз да жеңіл жарақат алып, бүгін қысқа емдеуден кейін ауруханадан шығарылды",– делінген СІМ таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, Ыстамбұл әуежайында кеше ұшақ сәтсіз қонып, жолаушылар зардап шекті, 3 адам қаза болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу