Түркияның Антакия, Хатай қалаларында хабарсыз кетті делінген қазақстандықтарды іздеуге шыққан топ Сабина Мамадьярованың аман табылғанын хабарлады.
"Оның қолы сынған. Қазір оны ауруханаға апара жатыр. Қазір құтқарушылар үйінділерду аршу жұмыстарын жедел атқарып жатыр. Қалғандары да Сабина табылған тұста алыста болмауы керек. Ақпарат пайда болған сәтте-ақ хабарлаймыз", делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін Түркиядағы жер сілкінісінен Қазақстанның 4 азаматы жоғалып кеткенін жазған едік.
Сондай-ақ, Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи төрт Қазақстан азаматының үшеуі Хатай провинциясында, біреуі Адана қаласында жоғалғанын айтқан болатын.