Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

534

"Алынған ақпаратқа сәйкес, 24 адам қаза тапты, 804 адам жарақат алды", - делінген ведомство хабарламасында. 

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

Түркияның төтенше жағдайлар және апаттарды басқару агенттігі (AFAD) сенбі күні Измир аймағында болған жер сілкінісінен 24 адам қаза тауып, 804 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алғанын хабарлады

"Алынған ақпаратқа сәйкес, 24 адам қаза тапты, 804 адам жарақат алды", - делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін 30 қазанда Гринвич уақыты бойынша 11.51-де Измир қаласындағы Борнова және Байракли аудандарында 7,0 балдық жер сілкінісі болғандығы хабарланған болатын.  Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Бұл жер сілкінісі Грекияның Самос аралында да сезілді, онда қираған ғимараттың қабырғалары астында екі адам қайтыс болды, сондай-ақ жаралылар бар.

Еске салар болсақ, жұма күні Түркияның батысында магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу