Түркиядағы жол апатында жарақат алған екі қазақстандыққа ота жасалды

605

Бүгінгі таңда оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 

Түркиядағы жол апатында жарақат алған екі қазақстандыққа ота жасалды Фото: Хабар 24

ҚР Сыртқы істер министрлігі Аланияда болған жол апатында зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәлімдеме жасады, деп жазады inbusiness.kz. 

Ведомствоның мәліметінше, 30 шілде күні таңертең Аланияда 12 қазақстандық мінген шағын автобустың қатысуымен жол апаты болды. Түрік полициясынан алынған алдын-ала мәліметтерге сәйкес, автобус жүргізушісі жоғары жылдамдықпен келе жатып жүк көлігіне соқтығысқан. Салдарынан зардап шеккендер бар. Олар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген.

"Қазақстанның 12 азаматының екеуі ауырлығы орташа күйде, оларға ота жасалып, барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қалған 10 отандасымыздың, оның ішінде 4 баланың жағдайы қанағаттанарлық, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Барлығының медициналық сақтандыруы бар", - деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Барлық мән жайды анықтау үшін қазақстандық консул Аланияға аттанып, медициналық мекемелерге барып, зардап шеккен қазақстандықтармен кездесті, деп жалғастырды ол.

"Анталиядағы қазақстандық дипломаттар азаматтарымызбен тұрақты байланыста және тиісті жұмыс жүргізіп жатыр", - деді Айбек Смадияров.

Еске салайық, осыған дейін Түркиядағы жол апатынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар екенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу