Түркияға барған қазақстандықтар жол апатына ұшырады

890

Түркияға барған қазақстандықтар жол апатына ұшырады

Анталияға барып жол апатына ұшыраған 7 отандасымыздың медициналық сақтандыру полисі болмаған. Сол себепті апаттан кейін дәрігерлік көмектің төлеміне байланысты қиындықтар туындаған. Бұл мәліметті еліміздің сыртқы істер министрлі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов өзінің әлеуміттік желідегі парақшасында жариялады.

Дәл қазіргі сәтте консулдық өкілдері олармен тығыз байланыста. Ал, оларды елге қайтару мәселесі шешілу үстінде. Естеріңге салайын, Қазақстаннан Түркияға демалуға барған жеті жерлесіміз жантүршігерлік жол апатына ұшырап, жол-көлік оқиғасынан төрт түрік азаматы қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу