Түркіменстан президенті Әр әйелге 40 манаттан бермек Мереке қарсаңында Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов елдегі әйелдер қауымын осылай құттықтамақ, деп хабарлайды КТК.
Ұлттық валютамызға шаққанда сыйақы көлемі 3 жарым мың теңгеге жуықтайды.
Айта кетейік, Түркіменстандағы орташа жалақы 650 манатқа, яғни 200 АҚШ долларына тең. Ал, Бердімұхамедовтың шарапатына бөленетіндердің арасында өндіріс пен мекеме қызметкерлері, мемлекеттік зейнетақы мен жәрдемақы алатындар, аспиранттар, студенттер, балабақша тәрбиеленушілер мен оқушылар бар. Сыйақы орташа айлықтың 7 пайызына тең.
Айта кетсек, Түркіменстандағы халықтың тең жарымынан астамы әйелдер.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу